ЭШФ АЖ-да жеке тұлға ретінде тіркелу кейіннен дара кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуге кедергі болмайды.
Жеке кәсіпкер ретінде жүйеде тіркелу жөніндегі нұсқаулық.
1. ЭШФ АЖ кіру терезесіндегі «Пайдаланушыны тіркеу» нысанында «Жеке кәсіпкер» тіркеу санатын таңдап, «Тіркеуді бастау» батырмасын басыңыз.
2. «Сертификатты таңдау» қадамында RSA сертификатын таңдап, PIN-кодты енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз.
3. «Тіркеу деректері» қадамында жүйе сертификаттан деректерді оқып, нысанды толтырады. Деректерді толықтырып, «Келесі» батырмасын басыңыз.
4. «Келісіммен танысу» қадамында пайдаланушы келісіміне сертификатпен қол қою қажет.
5. «Аяқтау» қадамында e-mail мекенжайын тексеру және сілтеме бойынша өту қажеттігі туралы хабарлама көрсетіледі.
6. ЭШФ АЖ e-mail-ге web-порталға кіру сілтемесін жібереді.
7. AUTH сертификатын таңдап кіріңіз. PIN-кодты енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз.
8. Тіркеу кезінде орнатылған құпия сөзді енгізіңіз.
9. «Кіру» батырмасын басыңыз. Авторизация сәтті аяқталды.
10. ЭШФ АЖ e-mail-ге ЖК ретінде тіркелудің аяқталғаны туралы хабарлама жібереді.