Меню

Страницы

Статья

Қысқа мерзімді дебиторлық берешекті ұзақ мерзімді дебиторлық берешекке аудару жөнінде

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатының 24-тармағына сәйкес әдеттегі операциялық цикл шеңберінде тіпті олардың есепті күннен бастап он екі айдың ішінде өтелуі күтілмесе де, дебиторлық берешек (атап айтқанда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, қызметкерлердің алатын сыйақылары бойынша) айналым активтеріне жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы

Қағиданың 37-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекеменің реттелуі экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын елеулі міндеті міндеттеме болып табылады.

Міндеттеме мынадай кез келген талаптарды қанағаттандырғанда қысқа мерзімді ретінде жіктеледі:

оны өтеуді қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу ұйғарылады;

ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;

ол есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде өтелуі тиіс;

немесе есепті кезеңінен кейін кем дегенде 12 айға субъект міндеттемені өтеуге мерзімін өткізіп алуға шарттсыз құқығы болмағанда.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі өтеу мерзімі бір жылдан асатын оларға сатылған активтер мен көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін арналған.

Ұзақ уақыт бойы өтелмеген қысқа мерзімді дебиторлық берешек операциялық цикл шеңберінде пайда болған ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі шотына жатпайды, өйткені субъект ағымдағы кезеңнен кем дегенде 12 айға есепті кезең аяқталғаннан кейін берешекті реттеудің мерзімін өткізіп алуға шартсыз құқыққа ие емес.

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек түсіндірме жазбада мерзімі өткен қысқа мерзімді дебиторлық берешек ретінде пайда болу себептерін және дер кезінде өндіріп алуды түсіндіріп ашуға жатады.

Айтылғанның негізінде, қысқа мерзімді дебиторлық берешекті ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің шотына аударудың орынсыз деп санаймыз. 

Дата публикации
29 сентября 2020
Дата обновления
29 сентября 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 января 2026
Кедендік құнды төмендету
Пайдалы ақпарат
23 января 2026
КТС- сенімсіз жеткізушілермен өзара есеп-айрысу
Пайдалы ақпарат
23 января 2026
ҚҚС - ТБЖ қолдану нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға байланысты ҚҚС асып түсу сомасының қайтаруға расталмауы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты