Республикалық бюджеттің орындалуы туралы ақпарат 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
2025 жылғы 1 желтоқсанға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдер 19 232,2 млрд. теңге немесе 19 689,1 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 97,7% (жылдық жоспар – 21 650,4 млрд.теңге) құрады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 1 391,9 млрд. теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны 107,8% құрады.
Республикалық бюджетке кірістер 19 038,8 млрд. теңге немесе 19 591,6 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 95,0% түсті (жылдық жоспар – 21 392,1 млрд.теңге).
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кірістер 1 429,7 млрд. теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны 108,1% құрады.
Республикалық бюджетке кірістер (трансферттерді есептемегенде) 13 641,3 млрд.теңге немесе 13 993,3 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 97,5% түсті (жылдық жоспар – 15 633,9 млрд. теңге).
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кірістер (трансферттерді есептемегенде) 1 809,9 млрд.теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны 115,3% құрады.
2025 жылғы 1 желтоқсанға салықтар 12 857,1 млрд.теңге сомасына немесе 13 562,7 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 94,8% түсті (жылдық жоспар – 15 193,3 млрд. теңге). Салықтар бойынша кірістер жоспардан 705,6 млрд. теңгеге орындалмады.
Жоспардың орындалмауы 439,7 млрд. теңге - ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС, 455,2 млрд.теңге - корпоративтік табыс салығы есебінен болды.
Бұл ретте импорттық ҚҚС – 148,0 млрд.теңге, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер – 91,5 млрд.теңге бойынша жоспар асыра орындалды
Салықтық емес түсімдер бойынша атқарылу 772,1 млрд.теңге немесе 426,1 млрд.теңге сомасындағы есепті кезеңнің жоспарына 181,2% деңгейінде қалыптасты (жылдық жоспар – 435,3 млрд. теңге).
Салықтық емес түсімдер бойынша 346,0 млрд.теңгеге асыра орындалды.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 12,0 млрд. теңге немесе 4,4 млрд.теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 270,9% құрады (жылдық жоспар – 5,2 млрд.теңге).
Республикалық бюджетке трансферттер түсімдері 5 397,5 млрд. теңгені немесе 5 598,2 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 96,4% құрады (жылдық жоспар – 5 758,2 млрд. теңге), оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2 000,0 млрд. теңге сомасына немесе 2 000,0 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 100% тартылды (жылдық жоспар – 2 000,0 млрд.теңге). Нысаналы трансферт 2 895,0 млрд. теңге сомасында немесе 3 120,0 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 92,8% тартылды (жылдық жоспар – 3 250,0 млрд.теңге). Төмен тұрған бюджеттерден 502,5 млрд. теңге сомасында трансферттер немесе 478,2 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 104,8% түсті (жылдық жоспар – 508,2 млрд.теңге).
Бюджеттік кредиттер 193,4 млрд. теңге сомасына немесе 97,5 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 198,3% өтелді (жылдық жоспар – 258,3 млрд.теңге).
2025 жылғы 1 желтоқсанға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 22 702,1 млрд. теңгеге немесе 23 686,4 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 95,8% (жылдық жоспар – 25 751,1 млрд. теңге), оның ішінде шығындар тиісінше 22 244,9 млрд. теңге немесе 23 129,2 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 96,2% (жылдық жоспар – 25 193,8 млрд. теңге), бюджеттік кредиттер – 410,3 млрд.теңге немесе 510,3 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 80,4% (жылдық жоспар – 510,5 млрд. теңге), қаржы активтерін сатып алу – 46,9 млрд. теңге немесе 46,9 млрд. теңге сомасындағы есепті кезең жоспарына 100,0% (жылдық жоспар – 46,9 млрд. теңге).
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шығыстар 1 854,8 млрд. теңгеге ұлғайды, ұлғаю қарқыны 108,9% құрады.
Атқарылмағаны – 984,3 млрд. теңге, оның ішінде үнемдеу – 43,5 млрд. теңге, қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты бюджеттен қаражатты жеткіліксіз қаржыландыру – 460,3 млрд. теңге. Игерілмеген – 480,5 млрд. теңге.
Ең көп орындалмауға республикалық бюджеттік бағдарламалардың мынадай әкімшілері жол берді: Қорғаныс Министрлігі – 105,9 млрд.теңге; АШМ – 87,2 млрд.теңге; ҒЖБМ – 49,3 млрд.теңге; ЖИЦДМ – 38,0 млрд.теңге; ІІМ – 37,6 млрд. теңге.
Игерілмеудің негізгі себептері: орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау; төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауына немесе ұсынылмауы; есепті айда қаражаттың қажет болмауы; төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілуі; техникалық-экономикалық негіздемелерді, қаржы-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету жатуы.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
2025 жылға арналған республикалық бюджетте Министрлікке 1 023,9 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер жоспардағы 937,1 млрд. тенгенің орнына 821,4 млрд. теңгені құрады, 115,7 млрд. теңге сомасында міндеттемелер қабылданбаған.
Игеру 795,8 млрд. теңгені немесе 903,1 млрд. теңге сомасындағы төлемдер бойынша жоспарға 88,1% құрады. 107,3 млрд. теңге орындалмады, оның ішінде 1 327,2 млн. теңге бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмеген сома 105,2 млрд. теңге, оның ішінде негізгі сома 047 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 105,7 млрд. теңге қалыптасқан, оның ішінде келесі бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша:
047.100 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» - 3 275,1 млн. теңге орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбауға және ерекше шығындар бабына байланысты;
047.103 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен Қарулы Күштердің объектілерін салу» - 1 777,3 млн. теңге орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбауға байланысты;
047.106 «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз ету» - 99 696,9 млн. теңге «2025-2027 жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысының уақытылы қабылданбауына байланысты;
047.111 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күрделі шығыстары» - 662,7 млн.теңге шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу және ерекше шығындар бабы бойынша.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
2025 жылға арналған республикалық бюджетте Министрлікке 735,9 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер жоспардағы 723,6 млрд. тенгенің орнына 542,4 млрд. теңгені құрады, 181,2 млрд. теңге сомасында міндеттемелер қабылданбаған.
Игеру 529,4 млрд. теңгені немесе 717,9 млрд. теңге сомасындағы төлемдер бойынша жоспарға 73,7% құрады. Орындалмау сомасы 188,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: 1 326,6 млн.теңге -бюджет қаражатын үнемдеу, 100 000,0 млн.тенге - тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жеткiлiксiздiгiне байланысты бюджеттен қаражатты толық қаржыландырмау.
87,2 млрд. теңге игерілмеген, оның негізгі соммасы келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша қалыптасқан:
250 «Қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру» - 51 556,1 млн.теңге, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауына немесе ұсынылмауына байланысты;
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу» - 18 957,7 млн.теңге, бюджет қаражатының талап етілмеуіне, сондай-ақ төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауына немесе ұсынылмауына байланысты;
249 «Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, өткізуге жағдайлар жасау» _ 8 691,6 тыс.теңге, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауына немесе ұсынылмауына, сондай-ақ бюджетті нақталау кезінде шығыстарды оңтайландыруға байланысты;
139 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу» - 5 538,8 млн.теңге, бюджет қаражатының талап етілмеуіне байланысты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
2025 жылға арналған республикалық бюджетте Министрлікке 774,8 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер жоспардағы 680,9 млрд. тенгенің орнына 708,9 млрд. теңгені құрады, 28,0 млрд. теңге сомасында міндеттемелер қабылданбаған.
Игеру 617,5 млрд. теңгені немесе 666,8 млрд. теңге сомасындағы төлемдер бойынша жоспарға 92,6% құрады. 49,3 млрд.теңге орындалмады, оның ішінде 17,3 млн.теңге бюджет қаражатын үнемдеу.
Игерілмеген сома 49,3 млрд. теңге, келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша қалыптасқан:
204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» - 26 337,8 млн.теңге есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауына байланысты.
217 «Ғылымды дамыту» - 22 716,4 млн.теңге есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауына, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбауына байланысты.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
2025 жылға арналған республикалық бюджетте Министрлікке 236,2 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер жоспардағы 225,6 млрд. тенгенің орнына 204,2 млрд. теңгені құрады, 21,4 млрд. теңге сомасында міндеттемелер қабылданбаған.
Игеру 146,9 млрд. теңгені немесе 185,1 млрд. теңге сомасындағы төлемдер бойынша жоспарға 79,4% құрады. 38,2 млрд. теңге орындалмады, оның ішінде 225,0 млн. теңге бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмеген сома 38,0 млрд. теңге, оның ішінде негізгі сомма келесі бюджеттік бағдарлама бойынша қалыптасқан:
003 ««Электрондық үкіметті», инфокоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» - 20 052,8 млн.теңге орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбауға және шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізуге байланысты;
120 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» - 12 927,0 млн.теңге шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізуге байланысты;
205 «Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету» - 1 650,8 млн.теңге орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбауға байланысты.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
2025 жылға арналған республикалық бюджетте Министрлікке 664,9 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер жоспардағы 597,8 млрд. теңге, орнына 623,9 млрд. теңгені құрады, 26,1 млрд. теңге сомасында міндеттемелер қабылданған жоқ.
Игеру 565,6 млрд. теңгені немесе 615,3 млрд. теңге сомасындағы төлемдер бойынша жоспарға 91,9% құрады. Орындалмау сомасы 49,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 12 030,8 млн.теңге - бюджет қаражатын үнемдеу.
Игерілмеген 37,6 млрд. теңге, оның негізгі соммасы келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша қалыптасқан:
076 «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» - 30 287,8 млн.тенге төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілуіне, техникалық-экономикалық негіздемелерді, қаржы-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету жатуына байланысты;
077 «Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру» - 4 040,9 млн. тенге, конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу, төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілуіне байланысты;
001 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын» - 1 517,1 млн.тенге өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуіне, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбауға байланысты;
079 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау» - 1 489,0 млн.тенге техникалық-экономикалық негіздемелерді, қаржы-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету жатуына байланысты.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға арналған республикалық бюджеттің тапшылығы (-3 470,0) млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 2,3% (бағалау – 150 756,4 млрд. теңге).
Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға 3 470,0 млрд. теңге, оның ішінде қарыздар түсімі есебінен – 7 966,4 млрд.теңге, қарыздарды өтеу – 4 185,0 млрд. теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – (-311,4) млрд. теңге сомасында. Есепті кезеңнің соңында бюджет қаражатының қалдықтары 312,5 млрд. теңге сомасын құрады.
2025 жылға арналған республикалық бюджетте 1 823,3 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 667,8 млрд. теңге нысаналы трансферттер бөлінді. 1 636,4 млрд. теңге сомасында міндеттемелер қабылданды немесе 89,8%.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша алынған нысаналы трансферттер 1 521,7 млрд. теңге немесе 91,2% сомасында орындалды.
Игерілмеу – 146,1 млрд.теңге құрады, оның ішінде: 4,2 млрд. теңге – бюджет қаражатын үнемдеу, 142,0 млрд. теңге – игерілмеген.
Ең көп игерілмегені келесі аймақтар бойынша Алматы қаласы бойынша – 22,7 млрд.теңге, Астана қаласы бойынша – 20,9 млрд.теңге, Атырау облысы бойынша – 12,3 млрд.теңге, Шымкент қ. – 8,6 млрд. теңге, Алматы облысы бойынша – 8,2 млрд. теңге.
Игерілмеудің негізгі себептері: нысаналы трансферттердің кеш аудару, орындалған жұмыстар актілерінің болмауы, жұмыстарды жүргізу кестесінен артта қалу.