«Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Шымкент және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 341 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Шымкент және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы
3 маусымдағы № 341 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

       

БҰЙЫРАМЫН

 

  1. «Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Шымкент және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 341 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

көлемі:

Батыс Қазақстан облысы – 8 198 010 000 (сегіз миллиард жүз тоқсан сегіз миллион он мың) теңгеден артық емес;

Маңғыстау облысы – 10 944 013 000 (он миллиард тоғыз жүз қырық төрт миллион он үш мың) теңгеден артық емес;

Солтүстік Қазақстан облысы – 3 891 329 000 (үш миллиард сегіз жүз тоқсан бір миллион үш жүз жиырма тоғыз мың) теңгеден артық емес;

Түркістан облысы – 31 264 836 000 (отыз бір миллиард екі жүз алпыс төрт миллион сегіз жүз отыз алты мың) теңгеден артық емес;

Шымкент қаласы – 9 635 804 000 (тоғыз миллиард алты жүз отыз бес миллион сегіз жүз төрт мың) теңгеден артық емес;

Астана қаласы – 24 719 780 000 (жиырма төрт миллиард жеті жүз он тоғыз миллион жеті жүз сексен мың) теңгеден артық емес.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі                                                                М. Такиев

Дата публикации
30 сентября 2024