Премьер – Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевқа кездесу барысында қойылған сұрақтар
|
№ |
Мәселенің мәні |
Ағымдағы жағдай/ Қолданылатын шаралар |
|
1 |
Министр мырза, Сізден, Балқаш ауданы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Жолдыбаев Ахан – Қараой ауылының тұрғыны. |
Қазіргі уақытта мемлекет әмбебап қызмет көрсету операторларының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, олар кез-келген елді мекенде кез-келген пайдаланушыға белгіленген мерзімде белгіленген сапамен және баға деңгейімен байланыс қызметтерінің ең аз пакетін көрсетуге міндетті. Бұл ретте ауылда байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету шығынды болып табылады, өйткені қолданыстағы тарифтер осы қызметтер бойынша шығыстар сомасын жаппайды. Осыған байланысты, «Байланыс туралы» Заңға сәйкес (34-б. 1-т.) құны ауылдық жерлерде өзіндік құн деңгейінен төмен телекоммуникация (жергілікті телефон байланысы және интернет желісіне жеке қол жеткізу) және пошта байланысы (жаздырып алынатын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату қызметі, тіркелмейтін хатты жіберу қызметтері, тіркелмейтін бандерольді жіберу бойынша қызметтер) қызметтерін ауылдық жерлерде көрсететін әмбебап қызмет көрсету операторларын қолдауға бағытталған әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуден байланыс операторларының залалдарын субсидиялау жөніндегі шаралар көзделген. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте ауылдық байланыс операторларының залалдарын субсидиялауға жалпы сомасы 32,5 млрд. теңге 2022 жылы-10,9 млрд. теңге; 2024 жылы-10,9 млрд. теңге; 2024 жылы-10,6 млрд.теңге. Бұл шара пошта операторларын сапалы байланыс қызметтерін көрсетуге және ауылдық жерлерде желілерді дамытуға ынталандыруға мүмкіндік береді. |
|
2 |
Бақанас ауылындағы Заман талабына сай колледждің оқу шеберханасы мен жатақанасын күрделі жөндеуден өткізу үшін тиісті қаражаттың бөлінуіне ықпал етуіңізді сұраймын. Демеуқұлова Зауреш – Бақанас ауылының тұрғыны. |
«Білім туралы» ҚР Заңы (6-бабы) және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына (33-бабы) сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету мәселелері жергілікті атқарушы органдарға бекітілген. Сонымен бірге, Алматы облысының Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінің жатақханалары мен шеберханаларына күрделі жөндеу жүргізу мәселесін «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде өңірдің жергілікті атқарушы органы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп пысықтау мүмкін деп санаймын. |
|
3 |
Ерұлан Кенжебекұлы, Бүгінгі таңда мұғалімдердің мәселесі н айтқым келеді. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 18-ден 16 сағатқа дейін қысқартылғаны баршаға мәлім. 2022 жылға алдағы жалақы бойынша берешек 11,5 млрд.теңгені құрайды. Бұл мәселе қалай шешіледі? |
Сұрағыңызға рақмет. Жаңа нормаларға («Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы) сәйкес мектеп педагогтері үшін жүктеме 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап аптасына 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендетілді. Қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың оқу жүктемесін азайту бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша тәсілдерді пысықтауда. ҚР Білім және ғылым министрлігі жоспарланған шараларды жүргізбеген жағдайда, бұл мәселе заңнамада белгіленген тәртіппен педагогтердің еңбекақысын ұлғайту ретінде Үкімет деңгейінде қаралатын болады. Анықтама: ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң жобасын әзірлеу шеңберінде нормативтік жүктеменің қысқаруы педагогикалық мөлшерлемелердің, жалақы қорының ұлғаюына алып келмейді, бұл өз кезегінде педагогтердің жалақысының артуына алып келмейді және бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді (11.11.2019 ж. №01-13-10/4246 хат- И). Осы шараларды іске асыруды ҚР БҒМ оқушылардың оқу жүктемесін азайтуға бағытталған Үлгілік оқу жоспарларына өзгерістер енгізу арқылы жүргізуге тиіс болды. Алайда, 2021 жылғы 20 тамызда ҚР Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (БҒМ 08.11.2012 Ж. №50 бұйрығы) оқытудың вариативтік бөлігін (оқушылардың таңдауы бойынша жеке және топтық сабақтар) өткізуге сағат санын қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді, инварианттық бөлім өзгеріссіз қалды. ҚР БҒМ үлгілік оқу жоспарларына өзгерістер енгізу арқылы оқушылардың оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа дейін төмендету бойынша шараларды өзара байланыстыру бойынша ҚР БҒМ жоспарлап отырған жұмыс жүргізілген жоқ. Осылайша, бұл шаралар педагогтардың жалақысын жасырын ұлғайтуды көздейді. Бұл мәселе Үкіметтік деңгейде бірнеше рет талқыланды.
|