«Нұр Жолы» автомобиль өткізу пунктін құру мен қолданысқа беру және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің «Алматы-Қорғас» автомобиль жолының учаскесінде көлік логистикалық орталықты пайдалану» МЖӘ жобасы

«Нұр Жолы» автомобиль өткізу пунктін құру мен қолданысқа беру және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің «Алматы-Қорғас» автомобиль жолының учаскесінде көлік логистикалық орталықты пайдалану» МЖӘ жобасы (бұдан әрі МЖӘ жобасы)

МЖӘ жобасына бастама көтерілді: EUROTRANSIT TERMINAL ЖШС

МЖӘ жобасының сомасы: (96,5 млрд теңге) КИЗ - ҚР ИИДМ – 69,8 млрд теңге, КОЗ ҚР ҚМ – 26,78 млрд теңге

Келісімшартқа отыру: ҚР ҚМ және ҚР ИИДМ ----> Eurotransit Terminal (МЖӘ жобасының келісімшарты ҚР ҚМ мен ҚР ИИДМ арасында жасалды)

МЖӘ жобасының төлем кестесі: ҚР ҚМ КОЗ - 26,78 млрд теңге -> 2018ж. 1,05 млрд теңге немесе жалпы соманың 3,9% -> 2019ж. 3,34 млрд теңге немесе жалпы соманың 12,5% -> 2020ж. 3,34 млрд теңге немесе жалпы соманың 12,5% -> 2021ж. 3,34 млрд теңге немесе жалпы соманың 12,5% -> 2022ж. 3,34 млрд теңге немесе жалпы соманың 12,5% -> 2023ж. 3,34 млрд теңге немесе жалпы соманың 12,5% -> 2024ж. 3,34 млрд теңге немесе жалпы соманың 12,5% -> 2025ж. 3,34 млрд теңге немесе жалпы соманың 12,5% -> 2026ж. 2,3 млрд теңге немесе жалпы соманың 8,59%

ҚР ИИДМ КИЗ - 69,8 млрд теңге толық көлемде төленді

МЖӘ жобасының әсері:

коммуналды қызметтерді басқару;

материалдық ресурстарды басқару;

ғимараттарға, үй-жайларға, жабдықтарға (жылыту, сумен жабдықтау, желдету жүйелері, электр желілері және т. \б.) техникалық қызмет көрсету;

ағымдағы және күрделі жөндеулерін жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;

өртке қарсы және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу;

жиһазбен, шаруашылық құрал-жабдықпен, инженерлік және басқарушылық еңбекті механикалық құралдарымен жабдықтау;

160 жұмыс орны құрылды;

өткізу пункті арқылы 1 автокөліктің (АТС) орташа өту уақыты 120 минуттан 40 минутқа дейін қысқартылды;

кедендік рәсім қызметтерінің сапасы артты.

Нормативті құқықтық актілер

«Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 Қаулысы;

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысы;

ҚР ҚМ, ҚР КМ және EUROTRANSIT TERMINAL ЖШС арасында жасалған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің «Алматы-Қорғас» автомобиль жолының учаскесінде «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пунктін құру және пайдалану туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы МЖӘ келісімшарты.

МЖӘ мекенжайы:

Алматы облысындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің «Алматы-Қорғас» автомобиль жолының учаскесі

Дата публикации
04 мая 2026