
1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Халықаралық Бизнес Университетінің «Іскерлік әкімшілендіру» магистрі дипломын алған.
Үйленген, үш ұлы бар.
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» ордені, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.
М.Т. Такиев – Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Басқарушы және Еуразия даму банкінің Кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының бас бухгалтері болып бастады.
2000-2008 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспектор, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС-мен жұмыс, аудит бөлімдерінің бастығы.
2008-2009 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының бастығы.
2009-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.
2012-2013 жж. – ҚР ҚМ Салық комитеті басқармасының бастығы.
2013-2014 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
2014 ж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.
2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017-2019 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаментінің директоры.
2019-2020 жж. – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
2020-2023 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы наурыздан бастап 2024 жылғы 6 ақпан аралығында – ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.
2024 жылғы 6 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
М.Т. Такиев – Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан Республикасының Басқарушы және Еуразия даму банкінің Кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары.