
Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 1999 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы Солтүстік Қазақстан Заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алған.
2020 жылы Бизнес және Халықаралық зерттеулер университетінің (UBIS, Швейцария) Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастаған.
1999 жылдан бастап 2004 жыл аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді.
2004 жылдан бастап 2014 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымындарды атқарды.
2014 жылғы наурыздан бастап қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.
2014 жылдан бастап 2017 жыл аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2017 жылғы қаңтардан бастап наурыз аралығында – «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары.
2017жылдан бастап 2021 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2021 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
2022 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі қызметіне тағайындалды.