Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалардың күшінің жойылуы

Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалардың күшінің жойылуы

     «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VІ ЗРК Заңына сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру функциясы алынып тасталды.

           Осыған байланысты шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шекара аймағына кіруі жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады («Мемлекеттік шекара туралы» Заңның 40-бабы).

        Шекаралық аймақтағы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары әрдайым өздерімен бірге болуы керек.