Көші-қон қызметі комитеті бала кезінен мүгедек баланың анасы,
балаға паспорт ресімдеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату мәселесін түсіндіру бойынша Нұр-сұлтан қаласы тұрғынның өтінішін қарады.
Азаматшаға Салық кодексінің 622 бабына сәйкес «Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату» туралы паспорт және жеке куәлік берілгенде мемлекеттік баж төлеуден босатылатын азаматтардың жеңілдік санаттары көзделгені туралы түсініктеме берілді. Олар:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
үш дәрежелі Даңқ орденінің және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған;
"Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
Осылайша, жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мүгедек балаға
паспорт мемлекеттік баж төлемсіз ресімделеді.