Қандай жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттар тұрғылықты жеріне шыға отырып ресімделуі мүмкін?

Қандай жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттар  тұрғылықты жеріне шыға отырып ресімделуі мүмкін?

     

         Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларының 4-тармағына  сәйкес (31.05.2016ж. ҚР ІІМ №583 бұйрығымен бекітілген) өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы жүгіну үйлеріне шыға отырып жүргізіледі.

         Қалыптасқан қағида бойынша, бұл ретте үйлеріне (емдеу мекемелеріне) шыға отырып паспорт немесе жеке куәлік қозғалуға жатпайтын тұлғаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және басқада жеңілдігі бар азаматтарға ресімделеді.