Жарамды визасы бар паспортты өзіне қалдыруға бола ма?

Жарамды визасы бар паспортты өзіне қалдыруға бола ма?

Жаңа паспорт берілген кезде бұрынғы паспорт жаңа құжаттың шығуына байланысты автоматты түрде жарамсыздар қатарына көшіріледі (ҚР ІІМ-нің                              2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларының 57-т.)

Егер уәкілетті органға тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің жарамды визасы болған кезде азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбауы мүмкін. Бұл ретте жарамсыз паспорт өтеуге (паспорттың бір жақ шетін тескішпен тесу арқылы) жатады және иесіне қажеттілігі өткенге дейін қайтарылады.

Баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік шекараны азаматтардың кесіп өтуі қолданыстағы паспорты бойынша жүзеге асырылады, жарамсыз паспорт жарамды визаларды растау үшін ғана ұсынылады.