Қазақстанның ХҚКО-ларында техникалық ақаулар орын алды

Қазақстанның ХҚКО-ларында техникалық ақаулар орын алды

“Жылжымайтын мүлік тіркелімі” мемлекеттік деректер қоры тарапынан осы жүйе жұмысының техникалық ақаулары тіркелді, бұл “Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу” және “Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару” қызметтерін көрсетудің қол жетімсіздігіне әкелді.

Реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көші-қон қызметі тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару бойынша көрсетілетін қызметтерді қайта іске қосылатын болады.