ІІМ-де Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ өкілімен кездесу өтті

ІІМ-де Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ өкілімен кездесу өтті

ІІМ-де министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың Орталық Азиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының өңірлік өкілі Ханс Фридрих Шоодермен кездесуі өтті.

М. Қожаев ұлттық баспана жүйесін жетілдіруге, босқындардың интеграциялық перспективаларын жақсартуға және азаматтықты жоюға бағытталған біздің мемлекетіміздің бастамаларын іске асыруда БҰҰ БЖКБ-ның қолдауы мен көмегін атап өтті.

ІІМ мен БҰҰ БЖКБ арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін баспана жүйесінің құрылуына елеулі дәрежеде ықпал етті.

Министрдің бірінші орынбасары кездесуге қатысушылардың назарын Қазақстан мигранттар үшін, оның ішінде баратын мемлекет ретінде де, басқа елдерге шығу үшін транзиттік мемлекет ретінде де мәжбүр болғандар үшін бұрынғысынша тартымды болып қалатынына аударды.

 – Бұл еліміздің мемлекеттермен шекарасының ұзақтығына және бірқатар мемлекеттердегі, соның ішінде Ауғанстандағы, Сириядағы және Йемендегі қауіпсіздіктің күрделі жағдайына байланысты, – деді Марат Қожаев.

Осыған байланысты ол БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқарма өкілдеріне мәжбүрлі мигранттарды қорғаудың халықаралық танылған тұжырымдамасына негізделген ұлттық баспана жүйесі болашақта да табысты жұмыс істейтініне сендірді.

– Азаматтық тиесілілігі бар мемлекетке немесе бұрынғы әдеттегі тұрғылықты жеріне оралудан қауіптенген барлық шетелдіктерге бұрынғыдай ел аумағына кіруге және босқын мәртебесін беру, қосымша қорғау немесе баспана беру рәсіміне кепілдік беріледі, – деп атап өтті М.Қожаев.

Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ өңірлік өкіліне арнаған сөзінде Марат Қожаев тараптар ынтымақтастықтың оң динамикасын сақтауға назар аударуы қажет екенін атап өтті.

Азаматтық жағдайын шешуге одан әрі көмек көрсету мақсатында жеке басын куәландыратын құжаттарды алу проблемасына тап болған адамдарды анықтау бойынша жүргізілген науқан барысында тығыз ынтымақтастық өзін көрсетті.

Бүгінгі күні ІІМ мәртебесі реттелмеген және азаматтығы жоқ жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 6000-нан астам адамға көмек көрсетті.

Жеке басын куәландыратын құжатпен құжатталған – 4 969 (оның ішінде ҚР азаматының құжатымен – 3357, азаматтығы жоқ адамның куәлігімен – 1612, одан әрі ҚР азаматтығын ала отырып). 1357 адамға қатысты азаматтықты растау рәсімі аяқталуда (ҚР азаматтығын растау – 999 және азаматтығы жоқ адамды тану – 358).

Қоғамның оң бағасын және еліміздегі азаматтығы жоқ адамдардың проблемасын түпкілікті шешуге деген ұмтылысын ескере отырып, ІІМ мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау акциясын 2022 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Жоғары шенді қонақ өз кезегінде БҰҰ БЖКБ мен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастық, халықаралық ұйымның бағдарламалық қызметін қолдау және бірлескен жетістіктер үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар ІІМ мен БҰҰ БЖКБ ынтымақтастығы алдағы уақытта да табысты дамып, ашық және сындарлы сипатқа ие болатынына, бұл оған жаңа сапалы деңгейге шығуға көмектесетініне сенім білдірді.