Алматыда “Жолда қабылдау” науқаны өткізілмек.

Алматыда “Жолда қабылдау” науқаны өткізілмек.

Алматыда “Жолда қабылдау” науқаны өткізілмек.

“Жолда қабылдау” алдын алу іс-шарасы көптеген қалалықтарға таныс. Бұл өте өзекті, өйткені азаматтарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында оларға ыңғайлы уақытта және жерде кеңестік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.

– Халықпен қарым-қатынас жол қауіпсіздігі бойынша азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді талқылау түрінде жүргізіледі. Полиция қызметкерлері Алматының ірі мегаполисінің жол қауіпсіздігі мәселелерінің өзектілігін нақты түсінеді. Азаматтарды қабылдау үшін арнайы дайындалған ПД мен аудандық бөлімшелердің фронт-офистері тағайындалды. Сонымен қатар, осы минуттарда жедел желі телефоны жұмыс істейді, науқан барысында азаматтар қоңырау шалып, өздерін қызықтыратын кез-келген сұрақтарды қоя алады немесе полиция қызметіне қатысты 8-747-733-10-20 телефоны арқылы WhatsApp-хабар жібере алады, – деп хабарлады Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Сондай-ақ, бұл күндері әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі басшылығының қатысуымен тікелей эфирлер өткізу жоспарлануда. Анонс Алматы қаласының ПД @almaty_police_departament аккаунтында орналастырылады.