Украина азаматшасы Анжела Потасьтің Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жөніндегі өтініші бойынша

Украина азаматшасы Анжела Потасьтің Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жөніндегі өтініші бойынша

«Көп балалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі арқылы біздің еліміздің азаматтығын алу туралы өтініш жасаған көп балалы Украина азаматшасы Анжела Потась 2002 жылдан Қазақстанда тұрады.

Бұрын азаматтық некеде Қазақстан азаматымен тұрған, неке ресми түрде 2018 жылдың ақпан айында тіркелген.

Қазақстанда тұрған уақытында осы жақта тұрғылықты тұру және азаматтықты қабылдау мәселесі бойынша ол көші-қон қызметіне бекітілген тәртіп бойынша жүгінген жоқ.

Сонымен бірге, ішкі істер органдарына А. Потаске белсенді көмек көрсеткен «Көп балалы аналар одағы» ҚБ-нің өкілдері Б. Мүбаракова және А. Букаева жүгінген болатын.

Қоғам өкілдерімен Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов кездесіп, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тұруға қалдыру және Қазақстан Республикасы азаматтығын алу бойынша толық ақпаратты ұсынды. 

Қазіргі уақытта, Қазақстан азаматымен ресми некеге тұруына байланысты Анжела Потась қазақстанда тұрақты тұруға қалу және Күйеуге шыққан әйелдердің азаматтық алуы туралы Конвенцияның 3-бабына сәйкес, оңайлатылған тәртіппен еліміздің азаматтығын алу құқығын иеленді.

Қоғам өкілдерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыруды ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ұсынылды (өтініш-сауалнама, паспорт көшірмесі, азаматтық берген мемлекеттің келісімі, азаматтығы бар мемлекетте соттылығы оқ екені туралы анықтама, тұрғын үй иесінің тұрақты тұруға келісімі, шетелдіктің ауруы жоқ екені туралы медициналық куәландырылуы туралы анықтама және т.т.).

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері сол елдің елшілігіне өтініш беріп, қысқа мерзімде жинайтындықтарын айтты (оның ішінде Украина мемлекетінің Қазақстанда тұруына келісімі және Украинадан соттылығының жоқтығы туралы анықтама).

Қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін көші-қон қызметі Анжела Потаське Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімделетін болады.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі