Егер азамат өзінің анықтамалық деректерін өзгерткен болса, ЖСН-ды өзгертуге болама?

Егер азамат өзінің анықтамалық деректерін өзгерткен болса, ЖСН-ды өзгертуге болама?

м

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті бұл мәселе бойынша түсіндіреді, яғни жеке сейкестендіру нөмерлері (бұдан әрі – ЖСН) қалыптастыру туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт беру кезінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде құрылатындығын және  бірегейлік пен өзгермеушілік қағидаттарына негізделгенін түсіндіреміз. Азаматтарға ақпараттық жүйе тағайындаған ЖСН бірегей және тек «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы нақты адамға сәйкес келеді.

         Бұл әрбір азаматтың ЖСН-і басқа адамның ЖСН-мен сәйкес келмейтіндігін білдіреді, бұл ретте «Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы»                   2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бала асырап алу жағдайларынан басқа (Заңның 9-бабы), ЖСН бір рет тағайындалады және өмірінің соңына дейін өзгермейді.

         Осылайша, егер азамат өмір бойына тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жынысын және басқа деректерін өзгертсе, бұл ретте ЖСН өзгермейді, өйткені бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тұлғаның негізгі идентификаторы.

         ЖСН-ді құрайтын сандар тек қана техникалық маңызға ие және жалғыз маңызды шарты кодтың бірегейлігі болып табылады.

         Мемлекеттік органдардың, банктердің және басқа ұйымдардың азаматтардың төлемдерін қабылдаудан, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы олардың ЖСН-ы туған күніне, туған ғасырына, адамның жынысына сәйкес келмеуіне және т.б. байланысты заңсыз болып табылады, өйткені Үкіметтің                     2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесінің 3-тармағында ЖСН-де күні, туған ғасыры, адамның жынысы және т.б. қамтылуы туралы мәліметтердің жоғын хабарлаймыз                           (2013 жылы бұл мәліметтер Ережеден Үкіметтің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 853 қаулысымен алынып тасталды).

         Азаматтардан банкке, медициналық және басқа да мекемелерге жүгінген кезде, ЖСН-ге байланысты төлем кезінде проблемалық мәселелер бойынша арыздар келіп түскен кезде, ІІІМ Ұлттық Банктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» КЕАҚ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың мекенжайына ведомстволық бағынысты ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуі кезінде ЖСН үшін бас тартуына қатысты шаралар қабылдау туралы өз мекемелері мен ұйымдары арасында ЖСН-ды қалыптастыру автоматты түрде бірегейлік пен өзгермеушілік қағидаттары ескеріле отырып болатыны, ал оның құрылымы жеке тұлғаның туған күнімен және басқа да айқындамалық деректерімен байланысты болмауы тиіс екендігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізе отырып, хат жолдаған болатын.     

         Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар ЖСН-ның дұрыс болмауынан мемлекеттік, сондай-ақ банк қызметтерінен бас тартуға жол бермеу,  оның ішінде ЖСН-де туған күнін және жеке тұлғалардың басқа да айқындамалық деректерін тексеру мәніне бақылау функцияларын болдырмау мәніне жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат ұсынған.