ІІМ Көші-қон қызметі комитеті бұл мәселе бойынша түсіндіреді, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 495-бабына сәйкес, жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Жоғарыда көрсетілген ӘҚБтК-тің бабының 1-бөлігіне сәйкес, жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.