ҚР азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттарын ресімдеу кезінде фотосуретке қандай талаптар қойылады?

ҚР азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттарын ресімдеу кезінде фотосуретке қандай талаптар қойылады?

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚКО-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізілетінін түсіндіреді. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету (2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 ҚР ІІМ бұйрығымен бекітілген) қағидаларына сәйкес, «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға фотосуретке түсіру енгізіледі.

Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер мен қол қоюға қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

«Электрондық үкімет» порталына жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар графикалық файл түріндегі графикалық бейненің электрондық өтініміне жүгінген кезде фотосуретке қойылатын көрсетілген талаптарды (танысу үшін сілтеме ЭҮП бар) басшалыққа алуы қажет.