ҚР азаматтығын қабылдағаннан кейін ҚР азаматының жеке куәлігін рәсімдеу тәртібі қандай?

ҚР азаматтығын қабылдағаннан кейін ҚР азаматының жеке куәлігін рәсімдеу тәртібі қандай?

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдарға ҚР азаматын куәландыратын құжаттарды ресімдеу жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, беру, жұмсау, жою қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама негізінде жүзеге асырылатынын түсіндіреді.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын, жеке куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және беру «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары 1-қосымшасына сәйкес (ҚР ІІМ 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген) ХҚКО-да жүзеге асырылады.