ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
05 мая 2026
Қолжетімді полиция" бағдарламасы: Қарағандыда ерекше балаларға құжаттар табысталды

     Қарағандыда ерекше балаларға құжаттар табысталды.

     "Заң және тәртіп" идеологемасын іске асыру мемлекеттік қызметтердің кең ауқымда қолжетімді болуын көздейді, ал маңызды бағыттардың бірі — полиция органдары тарапынан көрсетілетін белсенді көмек.

     Қарағанды қаласындағы Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері бұл қағидатқа адалдығын тұрақты түрде дәлелдеп келеді. Олар азаматтарды құжаттандыру бойынша көшпелі іс-шараларды ұйымдастырып, денсаулық жағдайына немесе басқа да объективті себептерге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталығына өз бетінше бара алмайтын жандарға ерекше назар аударады.

     Осындай жауапты жұмыстың айқын дәлелі ретінде жуырда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған интернат үйі мен балалар үйлеріне жасалған сапарды атап өтуге болады. Ә.Бөкейхан атындағы ПБ көші-қон қызметінің инспекторлары тек қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай, тәрбиеленушілерге сыйлықтар да ала барып, бұл күнді ерекше әсерге толтырды. Іс-шараның басты себебі — Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы құжаты – жеке куәліктерді табыстау болды.


     — "Қолжетімді полиция" бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін біз 30-дан астам көшпелі құжаттандыру қызметін өткіздік. Бұл тек құжаттарды ресімдеу ғана емес, сонымен қатар оларды салтанатты түрде тапсыру. Менің ойымша, бұл әр адам үшін, әсіресе алғашқы басты құжатын алып жатқан жастар үшін ерекше маңызға ие, — дейді аға инспектор Алия Омурова.

 

 

 

02 мая 2026
Атырау облысында 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

   

     Атырау облысы Жылыой ауданында шамамен 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.

    Жылыой ауданының Теңіз қалашығында көші-қон қызметі қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру мақсатында кешенді жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.

     Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды. Оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды.

     Сонымен қатар көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Азаматтарға елімізде болу талаптары мен мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиісті шаралар қабылдануда.

 

23 апреля 2026
СҚО-да полицейлер ұзақ жылдар құжатсыз жүрген ер адамға жеке куәлік алуға көмектесті

 

     Жақында көшіп келген азаматпен әңгімелесу барысында оның 1992 жылы барлық құжаттары, соның ішінде кеңестік төлқұжаты ұрланғаны белгілі болған. Сол уақыттан бері ол жеке құжаттарын қайта қалпына келтірмей, ресми тіркеусіз жұмыс істеп, мемлекеттік органдарға жүгінбей келген.

     Учаскелік инспектордың араласуынан кейін жағдай оң шешімін тапты. Оның бастамасымен азамат көші-қон қызметіне жүгініп, жеке басын анықтау бойынша ұзақ әрі бірнеше кезеңнен тұратын тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оның азаматтығы расталды.

    Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы оған алғаш рет жеке куәлік берілді. Енді ол медициналық қызметтерді, әлеуметтік төлемдерді және өзге де мемлекеттік қолдауларды толық пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

     Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері құжатсыз жүрген 17 адамның құқықтық мәртебесін анықтаған. Қазіргі таңда тағы бірқатар істер қаралу үстінде.

     Полицейлер азаматтарға құжаттарды уақтылы рәсімдеудің маңызын еске салып, алғаш рет жеке куәлік алатын тұлғалар мемлекеттік баж төлеуден босатылатынын атап өтті.

23 апреля 2026
Түркістан облысында көші-қон қызметінің І тоқсандағы жұмысы қорытындыланды

     Түркістан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының жылдың І тоқсаны бойынша қорытынды жиналысы өтті. Жиынға облыс аумағындағы барлық полиция басқармалары мен бөлімдерінің көші-қон қызметі қызметкерлері қатысты


     Басқосуға Аида Смағұл төрағалық етті. Кездесу барысында көші-қон саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сарапталды.

     Атап айтқанда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібі, сондай-ақ азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды. Жылдың алғашқы үш айында Түркістан облысында 7 584 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат рәсімделіп, 166 шетелдікке Қазақстан Республикасының визалары берілді. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 749 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде: – 1 048 шетелдік Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған; – 467 қабылдаушы тарап шетелдіктердің болу талаптарын сақтамаған; – 102 жағдайда шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану деректері тіркелген. Сот шешімімен 579 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

 

17 апреля 2026
Ақтөбе облысында көші-қон қызметінің жұмысы қорытындыланды

      Ішкі көші-қон бағыты аясында Қазақстан Республикасы азаматтарына 25 815 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 25 551 паспорт пен жеке куәлік берілді. Сыртқы көші-қон саласында шетел азаматтарына 5 104 мемлекеттік қызмет ұсынылды. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға 2 404 шетел азаматы мен азаматтығы жоқ тұлғаға рұқсат берілді.

       Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 501 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 351-і — шетел азаматтары, 150-і — Қазақстан Республикасы азаматтары. Негізгі құқық бұзушылықтар — тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру және ел аумағында болу мерзімін бұзу.

      Сонымен қатар сот шешімдерімен 74 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Көші-қон қызметі көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, азаматтар мен шетелдіктерді ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Көші-қон қызметі
30 мая 2025
Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Ол eGov.kz порталы және Мgov мобильді қосымшасында қолжетімді. 

Егер куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн және одан аз уақыт қалса, сондай-ақ жарамдылық мерзімінің өтуіне 10 күннен аспаса, бұл қызметті онлайн алуға болады. 

Онлайн-форматта құжаттау азаматтарға: 

  • жеке куәлік ауыстыруға өтінім беруге; 
  • фотосурет жүктеп, қолтаңба қоюға; 
  • жеке деректерді растауға; 
  • мемлекеттік бажды төлеуге (өз қалауы бойынша жеделдетілген қызмет алуға) мүмкіндік береді. 

Бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді және ХҚКО-да кезекті болдырмайды.

Көші-қон қызметі
17 марта 2025
Заңсыз мигранттармен күрес: 1240 шетелдік азамат елден шығарылды

11-14 наурыз аралығында елімізде "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі анықталды

- 4,5 мың шетелдік азамат елде болу мерзімін бұзған. 2,5 мыңы заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Оның ішінде 60 заңсыз такси жүргізушісі бар.

Атап кетсек, бұған дейін жүргізілген арнайы операция кезінде 700-ге жуық заңсыз такси жүргізушісі анықталған болатын.

1240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет мемлекеттен келгендер. Бірақ одан бөлек Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да анықталды.

Іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды, - деді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

2200 қабылдаушы тұлға шетелдіктердің келуі туралы полицияға хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 12 млн теңге айыппұл салынды.

500 қазақстандық жұмыс берушіге шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 33 млн теңге айыппұл салынды.

Олардың ішінде бес тұлға осындай әрекетті бұрын да жасаған. Қазір бұл азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

Шетелдіктерге жалған құжаттар рәсімдеген Қазақстан азаматтарына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды.

- Мысалы, Астана қаласында бір университет жатақханасында комендант 56 еңбек мигрантына студент ретінде уақытша тұруға рұқсат берген.

Алматы облысында нотариустың көмекшісі шетелдіктерді "жоқ" мекенжайларға тіркеу үшін жалған сенімхаттар рәсімдеген.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді Аслан Аталықов.

ІІМ миграциялық заңнаманы сақтауға және шетелдік қонақтар мен Қазақстан азаматтарын көші-қон мәселелері бойынша заңсыз қызмет көрсететін күмәнді тұлғаларға жүгінбеуге шақырады.

- Шетелдіктердің келуі туралы хабарлама беру, жеке сәйкестендіру нөмірін алу, дакторегистрацияны өту және уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін мемлекет төлем алмайды.

Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз, - деп атап өтті ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

30 января 2025
ІІМ-де Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды

Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша жедел кеңес өткізілді.

Кеңес барысында елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер қаралды.

"Заң мен Тәртіп" қағидатын тиімді жүзеге асыру үшін Ішкі істер органдарында 2025 жыл "Профилактика жылы: полиция Заң мен Тәртіп күзетінде" деп жарияланған болатын. Осы бағытта министр қылмыстың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде жеке профилактикалық іс-шараларды күшейту, қылмыс жасауға бейім адамдарды ерте кезеңде жүйелі түрде анықтау бойынша міндеттер жүктеді, сондай-ақ жұртшылықты алдын алу саласына белсенді тарту қажеттігін алға тартты.

Ведомство басшысы мүдделі органдармен бірлесіп мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқитын жастардың бойында патриотизм, жауапкершілік және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

- Үкімет отырысында инфрақұрылымдық даму, цифрлық технологияларды енгізу және энергетика саласының ілгерілеуі де негізгі бағыт ретінде атап өтілді. Сондықтан жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мұнай өнімдерін ұрлаудың және оларды шетелге заңсыз әкетудің қылмыстық схемаларын анықтау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Ержан Саденов қызмет басшылары мен өңірлік бөліністердің жетекшілерінің алдына интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, цифрлық жобаларды дамыту, тиісті көші-қонды бақылауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты рәсімдерді жақсарту, азаматтардың өтініштерімен жұмыс тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі жедел қызметтің нәтижелері қаралды, оның барысында жұмыстың нақты бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.

Көші-қон қызметі
06 января 2025
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды

2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш.

Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі.

Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды.

Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды.

Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды.

Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.

Көші-қон қызметі
11 октября 2024
СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылды

СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылд.

Полицейлер Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынғанын ұмытпауға кеңес береді. Азаматтығы ауысқан кезде мүліктік және басқа да мәселелерді уақтылы шешу, ҚР құжаттарын одан әрі пайдалануға тырыспау қажет — оларды белгіленген тәртіппен тапсырған жөн.

Дей тұра, 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтығын жоғалтқан 23 адам ескі құжаттарды пайдаланып келген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша оларға ірі айыппұл төлеуге тура келді.

Басқа елдің азаматтығын алған тағы 22 адам бұл туралы 30 күн ішінде хабарламаған. Бұл үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған: ірі айыппұлдан бастап, Қазақстаннан әкімшілік шығарып жіберуге дейін.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері азаматтығын ауыстыруды шешкен адамдардан барлық мәселелер бойынша кеңес алуды және осы процестің жүктеген міндеттерін назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты