ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
19 апреля 2022
ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді

Соңғы уақытта қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлеріне ұқсас ауыстыру нөмірлерін пайдалана отырып полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кейпіндегі алаяқтық қоңыраулар жиілеп кетті.

Алаяқтар өздерін анықтаушылар немесе тергеушілер ретінде таныстырып, полицияның бөлімшесіне онлайн-несие рәсімделгені туралы азаматтардың туыстары немесе таныстары хабарлағанын айтады.

Деректерді нақтылау үшін қылмыскерлер азаматтарға шоттар туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке ақпаратты – ТАӘ, ЖСН және т.б. хабарлауды ұсынады.

Азаматтар алаяқтық әрекеттердің қысымымен қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды өз құрылғыларына орнатқан жағдайларлар да кездеседі.

Бұл әрекеттердің барлығы қылмыскерлер ықтимал құрбандардың банктік карталары мен депозиттеріне қол жеткізуге, одан әрі олардан ақша аударуға немесе несие алуға бағытталған.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

Егер сізге банктің немесе полицияның болжамды қызметкерінен осындай қоңырау түссе, мәліметтерді нақтылау үшін телефонды қойып, банкке хабарласу ұсынылады. Полиция да, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе жеке деректер туралы деректерді растауды сұрамайтынын есте ұстаған жөн.

Қандай да бір сылтаумен үшінші тұлғаларға – банктердің, олардың қауіпсіздік қызметтерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. дербес деректерді, шоттардың деректемелерін, банктен сіздің абоненттік нөміріңізге келіп түскен sms-кодтарды бермеңіз.

Сонымен қатар, сіздің банктік шоттарыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

 – күрделі болуы тиіс парольдерді үнемі өзгертіңіз;

– төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосу: sms растау, IP-мекенжайды бақылау, 3D-secure және т.б.

Егер сіз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттердің құрбаны болсаңыз, дереу банкке қоңырау шалып, өз шотыңызды бұғаттауыңыз қажет, сондай-ақ тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Бұл қылмыстарға қарсы қандай шаралар қолданылуда

Бірқатар себептерге байланысты, соның ішінде трансшекаралық, интернет-алаяқтықты ашу және тергеу әрдайым тез әрі оңай бола бермейді.

Әдетте, мұндай қылмыстарды жасау кезінде үшінші тұлғаларға жасалған банктік шоттар мен карталар, сондай-ақ жалған абоненттік нөмірлер қолданылады. Ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін мүлдем жоқ адамдардың деректерін пайдаланады.

Онлайн нарық пен қызметтердің дамуын, сондай-ақ IT-құқық бұзушылықтардың өсуін ескере отырып, ІІМ олардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша түрлі шаралар кешенін қабылдауда.

Ақпараттандыру және байланыс саласында, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама қабылданды.

Өткен жылы киберқылмыспен күрес бойынша бөлімшелердің штат саны ұлғайтылды, аумақтық полиция органдарында интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша мамандандырылған жедел-тергеу топтары құрылды.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үштен бірге (34%-ға) азайды.

Цифрландыру және байланыс
07 апреля 2022
Қазақстандықтар өз құжаттарының қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы SMS-хабарлама алатын болады

Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы жылдың 1 сәуірінен бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске асырылды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: “Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – біздің басымдықтарымыздың бірі”.

Сондықтан бұл жаңашылдықты енгізу ең алдымен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау мақсатында).

Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы).

Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген.

Енді мобильдік азаматтар базасында (БМГ) тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алатын болады: “Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON”.

Сондықтан Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір SMS-хабарламаларды алу үшін азамат “электрондық үкімет” порталындағы “жеке кабинетінде” (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.

29 марта 2022
Азаматтардың ұсыныстарын қабылдау үшін ІІМ онлайн-сауалнама жүргізуде

ІІМ ІІО қызметін жетілдіру бойынша азаматтардың ұсыныстарын қабылдау үшін онлайн-сауалнама жүргізуде.

Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты азаматтардан ұсыныстар қабылдау жүргізіліп жатыр. Ол үшін сілтеме арқылы өтіп, ұсыныстарыңызды жаза аласыздар. Байланыс деректеріңізді қалауыңыз бойынша қалдыруыңызға болады. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды.

Ішкі көші-қон
04 марта 2022
Паспортта әкесінің аты неге жоқ?

          Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгісі («Қазақстан Республикасы азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысымен бекітілген) ІІМ-мен машинамен оқылатын жеке басты куәландыратын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес әзірленді және паспорттың 2-бетіндегі «әкесінің аты» реквизиті қарастырылмаған. Бұл ретте азаматтың әкесінің аты (ол болған кезде) паспорттың микросхемасында (чипінде) болады.

Сыртқы көші-қон
21 февраля 2022
ІІМ еңбек мигранттарымен шарт жасаған кезде барлық қағидаларды сақтауға кеңес береді

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың үй, объект салу, сондай-ақ үй-жайларды жөндеу бойынша келісім жасалған шетелдіктердің алдауы және алаяқтығы туралы полицияға жүгіну жағдайлары жиілеп кетті.              

Осындай фактілерді болдырмау үшін азаматтардың сақ болуын сұраймыз.

Шетелдікпен азаматтық-құқықтық қатынастар жасасу кезінде оның ел аумағында заңды жүргеніне көз жеткізіп, паспортын және біздің елде болуға құқық беретін құжатты көрсетуін талап ету қажет. Ол құжаттар ретінде елде белгіленген мерзімде уақытша тұруға рұқсат құжаты, тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бола алады.

         Бұзушылықтар анықталған жағдайда шарттан бас тартып, бұл туралы көші-қон қызметіне дереу хабарлау немесе 102 нөміріне қоңырау шалу қажет.

         Шарт жасалған жағдайда жұмыс беруші қабылдаушы тарап ретінде визалық көші-қон порталы арқылы үш жұмыс күні ішінде көшіп келушінің уақытша тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы ішкі істер органдарына хабарлауы қажет.

Қабылдаушы тұлғаның шетелдіктердің болу құқығына құжаттарды ресімдеу, не болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін олардың елден кетуі, не оларда болатын көшіп келушілер туралы полицияға уақтылы хабарлау шараларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабында ескерту түрінде жауапкершілік көзделген, құқық бұзушылық қайта жасалған кезде 30 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады.

Елде Қазақстан заңнамасын бұзушылықпен жүрген шетелдікке тұрғын үй бергені үшін қабылдаушы тұлғаға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Шетелдіктер пәтерді жөндеу, үй салу немесе қандай да бір басқа жұмыстарды тиісті рұқсатсыз пайдаланған жағдайда, айыппұл түрінде 30 айлық есептік көрсеткіш, ал жыл ішінде қайталап жасаған жағдайда 50 АЕК айыппұл қарастырылған.

Осы талаптарды сақтасаңыз, сіз келеңсіз жағдайлар мен проблемаларға тап болмайсыз.

 

18 февраля 2022
Банктердің ЖСН дұрыс көрсетілмеген кезде қызмет ұсынудан бас тартуы

       

        ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне азаматтардан жеке сейкестендіру нөмерлері (одан әрі – ЖСН) дұрыс көрсетілмегендіктен екінші деңгейдегі банктердің немесе басқа да ұйымдардың қызмет көрсетуден бас тартуы туралы өтініштері жиі түседі.

         Бұл ретте азаматтардан ЖСН-мен туған күні, туған ғасыры, жынысы және т.б. арасындағы сәйкессіздік туралы жиі көрсетіледі, бұл қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді.

         Осы мәселе бойынша, ЖСН қалыптастыру туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт беру кезінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде құрылатындығын және  бірегейлік пен өзгермеушілік қағидаттарына негізделгенін түсіндіреміз. Азаматтарға ақпараттық жүйе тағайындаған ЖСН бірегей және тек «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы нақты адамға сәйкес келеді.

         Бұл әрбір азаматтың ЖСН-і басқа адамның ЖСН-мен сәйкес келмейтіндігін білдіреді, бұл ретте «Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы»                   2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бала асырап алу жағдайларынан басқа (Заңның 9-бабы), ЖСН бір рет тағайындалады және өмірінің соңына дейін өзгермейді.

         Яғни, егер азамат өмір бойына тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жынысын және басқа деректерін өзгертсе, бұл ретте ЖСН өзгермейді, өйткені бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тұлғаның негізгі идентификаторы.

         Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, екінші деңгейлі банктердің ЖСН-нің туған күніне, адамның жынысына және азаматтың басқа анақтамалық мәліметтеріне сәйкес келмеуіне байланысты қызмет көрсетуден бас тартуы заңсыз екендігіне назар аударамыз.

         ЖСН-ге байланысты проблемалық мәселелер бойынша осыған ұқсас арыздар түскенін ескере отырып, ІІМ Ұлттық банктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» ҚЕАҚ (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың), Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ведомстволық бағынышты ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуі кезінде ЖСН үшін бас тартуына қатысты шаралар қабылдау туралы хат жолдаған болатын.     

          Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз кезегінде, ЖСН-ның дұрыс болмауынан мемлекеттік, сондай-ақ банк қызметтерінен бас тартуға жол бермеу,  оның ішінде ЖСН-де туған күнін және жеке тұлғалардың басқа да айқындамалық деректерін тексеру мәніне бақылау функцияларын болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат ұсынды.

 

Көші-қон қызметі
Тергеу және анықтау
07 февраля 2022
ҚР ІІМ апталық брифингі

Брифинг тақырыбы:

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон процестерін реттеу міндеттерін беру туралы».

«Қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу туралы».

Көші-қон қызметі
04 февраля 2022
Алматылық тұрғын 11 жылдан кейін азаматтығын растап, құжаттарын алды

Көші-қон қызметінің қызметкерлері құжатсыз, тіркеусіз және азаматтығы жоқ адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізуде.

– Құжаттардың болмауына байланысты адамдарда денсаулық сақтау, білім алу, қажетті жәрдемақы мен зейнетақы алу мүмкіндігі шектеулі, сонымен қатар, ресми түрде жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ. Мұндай адамдарды анықтау белгілі бір қиындық туғызады, өйткені Қазақстан азаматтығына жататынын анықтау және одан әрі жеке куәлікке тіркелу келуді және біршама уақытты талап етеді. Жеке куәлік алған азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығын растағаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары рәсімделеді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

1967 жылы туған Алексей Низамов ҚР азаматының жеке куәлігін беруге рұқсат беретін құжаттарды 11 жылдан кейін алған.

 – Бұл кісінің оқиғасы басқаларға ұқсас. Алматы қаласының тумасы 2011 жылы Ресей Федерациясына кеткен. Қоныс аударуға және тұрақты тұруға құжаттары дайындады. Ол жергілікті тіркеуден шығарылды, бірақ белгілі бір себептермен көрші мемлекетке тіркеліп, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ала алмады. Ресейде аз табыспен күн көрді. Одан әрі отанына келген ол, тіркеуге тұра алмады, өйткені бірде-бір базада болмады. СІМ Консулдық қызметінің көмегімен Низамов азамат сауалдарына жауап алды. Ол Қазақстан азаматы ретінде құжатталды, – деп түйіндеді А.Бутунчинов.

Көші-қон қызметі
03 февраля 2022
Түркістан облысының полицейлері зейнеткерге жеке куәлік алуға көмек берді

Түрлі жағдайларға байланысты құжаты дұрыс емес, мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарды, көп балалы аналарды, құжаттандыру үшін Түркістан облысы ПД көші-қон қызметі полицейлері осындай жандардың тұрғылықты мекенжайына арнайы баратын мобильді топ жұмыс жасап келеді.

Осы бағытта жүргізілген жұмыс кезінде Келес АПБ-ның қызметкерлері 70 жастағы ақжаулықты анаға құжатын жасап берді. Нақтырақ айтсақ, Келес АПБ Көші-қон қызметі бөлімшесіне жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, анасының құжаттарын рәсімдеу керектігі туралы өтініш білдірген. Оның айтуынша, анасы Қазақстанның тумасы, ол ескі үлгідегі құжатын бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігіне ауыстырмаған. Яғни, қаржылық қиындықтарға, отбасындағы кейбір жағдайларға байланысты бұл күнге дейін жеке куәлік алмаған.

Келестік полицейлер егде жастағы әйелге жаңа құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетуге бірден кірісті. ҚР ІІМ-нің талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, тұрғынға құжаттарын жинақтауға көмектесті. Одан кейін жедел әрекет еткен полицейлер, Надежда Лебедованың ҚР азаматтығын растау туралы өтініш хатын қабылдады. БІр ай ішінде тұрғынның жеке куәлігі даяр болды.

Осылайша әжейге жеке куәлігін алып беру үшін тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды жүргізіп, көмек қолын созды. Дайын құжатты ақжаулықты ананың шаңырағына барып, арнайы табыстады. Жаңа құжат алған қария өзінің мәселесіне бей-жай қарамай, көмек берген полицейлерге алғысын білдірді.

Сыртқы көші-қон
01 февраля 2022
Көші-қон саласындағы бірқатар функциялар ІІМ-нен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді

         2022 жылғы қаңтардан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен                   көші-қон саласындағы 20 функция ІІМ-нен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Ол үшін Еңбек кодексіне, «Босқындар туралы» «Халықтың көші-қоны туралы», «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Ішкі істер органдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.
       Атап айтқанда, еңбек иммигранттарына рұқсат беру, босқындармен жұмыс, халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон процестерінің мониторингі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес бірқатар басқа да өкілеттіктер берілді.
         Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің босқындармен жұмысы көбіне оларға әлеуметтік көмек, медициналық қызмет және білім беруге, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыруға бағытталатын болады.
        «Азаматтық ведомствоның» БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым, үкіметтік емес ұйымдар сияқты халықаралық құрылымдармен тығыз өзара              іс-қимылы олардың өзекті мәселелерін халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы шешуге мүмкіндік береді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін «Еңбек патенттері»  деп аталатын жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беруде де осыған ұқсас жағдай орын алған.

Шетелдіктердің жұмыс істеуіне рұқсаттардың барлық басқа түрлерін жергілікті атқарушы органдар береді, оларды беру тәртібін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайды.

Сонымен қатар босқындар мен еңбек мигранттарының Қазақстанда болуының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау бұрынғысынша полиция құзыретінде сақталған.

Яғни, босқын мәртебесін және жеке тұлғадан еңбек қызметіне рұқсат алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылар орналасқан жері бойынша полицияға уақытша тұруға рұқсат алу үшін міндетті түрде жүгінуі тиіс.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне 8/717/2-74-37-78, 74-37-26 телефондары арқылы және ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің  8/717/2-71-40-73,72-20-62 телефондары бойынша хабарласуға болады.

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы