Монополияға қарсы ведомство басшыларының өңірлік кездесуі туралы

Монополияға қарсы ведомство басшыларының өңірлік кездесуі туралы

Будапешт, 2024 жылғы 26 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Будапешт қаласындағы Бәсекелестік жөніндегі өңірлік орталығы ұйымдастырған Монополияға қарсы ведомстволар басшыларының жыл сайынғы кездесуіне қатысты.

Іс-шараға, қазақ тарапынан ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов өкілдік етті. Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия мемлекеттерінің монополияға қарсы агенттіктерінің басшылары, OECD-дің Бәсекелестік жөніндегі комитетінің басшысы Ф.Дженни, Еуропалық соттың өкілі М.Рантоу қатысқан шараның күн тәртібіне бәсекелестік жөніндегі агенттіктерді сот бақылауы, компаниялардың фузиясын бақылау, елдік тәжірибелер сынды тақырыптар кірді.