Израильдің сарапшылар топтары Қазақстандағы конституциялық реформаларды оң бағалайды

Израильдің сарапшылар топтары Қазақстандағы конституциялық реформаларды оң бағалайды

Тель-Авив, 2022 жылғы 31 мамыр – Қазақстанның Израильдегі Елшілігі жетекші саясаттанушылар, Израиль БАҚ өкілдері және Қазақстан достары клубының қатысуымен 2022 жылғы 5 маусымда өтетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара Израиль сарапшылар қауымдастығының Қазақстандағы ауқымды саяси өзгерістерге қызығушылығын көрсететін белсенді пікірталас форматында өтті.

Қазақстаннан шыққан бүкіл израильдік иммигранттар қауымдастығының төрайымы Зинаида Полянскаяның ұсынысы бойынша жиын 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталды.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов өз сөзінде алдағы конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Қазақстанның конституциялық реформасы - бұл жұртшылықтың сұраулары мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру, ол мыналарды қамтиды: қолданыстағы саяси модельді түбегейлі трансформациялау, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Қазақстандағы Конституциялық реформалар бойынша ICES президенті, Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер, Еуроазиялық еврейлер конгресінің бас директоры доктор Хаим Бен Яаков, «Israel Hayom» күнделікті газетінің аға шолушысы Ариэль Бульштейн, Қазақстан мен Орталық Азиядан келген еврейлер халықаралық ұйымының төрайымы Наталья Дивинская Иерусалим университетінің профессоры доктор Владимир Месамед, профессор Зив Ханин, саясаттанушы Юрий Бочаров және басқа да қатысушылар баяндама жасады.

Өз баяндамаларында Израиль сарапшылары Қазақстан билігінің саяси жүйені трансформациялаудағы және мемлекеттің одан әрі өркендеуі жолындағы жүйелі тәсіліне ерекше назар аударды. 

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып жатқандығын мәлімдеп, өзара ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.