Румыниядағы қазақстандық кино күндері

Румыниядағы қазақстандық кино күндері

Констанца, 2022 жылғы 18 наурыз - Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Румынияның ірі өңірлік орталықтарының бірінде қазақстандық кино күндері өтті.

Атап айтқанда, «Томирис» және «Дорога домой» фильмдері көрсетілді. Қазақстандық кинематографтың танымал жұмыстары жоғары бағаланып, румын жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырды.

Іс-шараның ашылуында бірнеше жыл ішінде үлкен серпіліс жасалған мәдени байланыстарды тереңдетудің маңыздылығы атап өтілді. 2020-2021 жылдар аралығында Қазақстан мен Румыния екі мемлекеттің елордарында «Қазақстан» және «Бухарест» скверлерін, қазақ ақыны Абай және румын ақыны Эминеску бюсттерін ашу, сондай-ақ Румынияның түрлі өңірлерінде мәдениет күндерін өткізу сияқты бірқатар маңызды жобаларды іске асырды.

Сонымен қатар, румын көрермендерінің назарына Қазақстанның табиғаты мен елордамыздың сәулеттік құрылысына арналған 20 картинадан тұратын фотокөрме ұсынылды.