Еуропада Қазақстанға қатысты 130 ескі картаны қамтитын бірегей кітаптың тұсаукесері өтті

Еуропада Қазақстанға қатысты 130 ескі картаны қамтитын бірегей кітаптың тұсаукесері өтті

Брюссель, 2021 жылғы 9 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты бірегей кітаптың тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропалық Парламенттің, Еуропалық комиссияның, Энергетикалық Хартия хатшылығының өкілдері, Бельгияда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен қызметкерлері, Брюссельдің академия және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кітап М.Сыдықназаровтың әлемдік коллекциялардағы (еуропалық, америкалық, Шығыс) көпжылдық бастамашыл зерттеулері мен еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Кітапта 130 карта хронологиялық тәртіппен автордың сипаттама-дескрипторлары, түсініктемелері келтірілген, толық шығу деректері мен техникалық параметрлері ұсынылған, сипатталған, келтірілген.

Аталған еңбек халықаралық ғылыми, мәдени-ақпараттық кеңістікке еуропалық және американдық карталарда тіркелген Қазақ мемлекеті туралы жаңа ғылыми фактілер жинағын әкеледі.

Казақстандық ғалымның ғылыми-техникалық параметрлер бойынша карталарды, олардың толық, жан-жақты деректерін беру мен сипаттаудағы мұқияттылығы назар аудартады. Ол сенімді карталар мен дереккөздерді іздеуде Принстон, Стэнфорд, АҚШ Конгресінің кітапханасы және тағы басқа танымал әлемдік ғылыми және университет орталықтарымен үлкен және жемісті жұмыс жүргізген.

Брюссельде тарих ғылымы үшін маңызды кітапты басып шығару символдық мәнге ие, өйткені бельгиялық және Нидерландтық ғалым-картографтар қазақ мемлекетін өз карталарында көрсеткен алғашқы еуропалықтардың қатарында болды.

Оның XVI-XIX ғасырлар аралығында Қазақ мемлекеті көрсетілген, еуропалық-бельгиялық, Нидерландтық, ағылшын, француз, неміс, ирландық, австриялық, итальяндық, шотландтық, ал кейінірек американдық ғалымдар, географтар, картографтар қалыптастырған бірегей ежелгі карталары бар жарияланымы Қазақстанның халықаралық ғылыми қоғамдастықпен қарым-қатынасындағы және біздің еліміздің мемлекеттілігінің орныққан дәстүрлерін түсіну үшін маңызды оқиға болып табылады.

XV-XIX ғасырлардағы көптеген еуропалық карталарда объектілердің орналасуы, сол кездегі географиялық, картографиялық ғылымның дамуына байланысты әрдайым егжей-тегжейлі дәл бола бермейді және дәл ғарыштық суреттермен расталған әлем туралы қазіргі заманғы картографиялық түсінігімізге сәйкес келмейді. Алайда, жинақта ұсынылған карталар жалпы Қазақ мемлекетінің орналасқан жері мен шекарасы біздің түсініктеріміз бен тарихи-мәдени деректерімізге сәйкес келетінін көрсетеді.

Іс-шарада сөйлеген сөзінде қазақстандық ғалым «қазақтардың автоэтнонимі дыбысының түпнұсқасына, әлемдік, оның ішінде Еуропалық картографтар, саяхатшылар, орта ғасыр, жаңа уақыт дипломаттары өздері әзірлеген карталарда өздерінің ұлттық тілдерінде: кітап, ғылыми латын және тірі тілдерде: нидерланд, ағылшын, француз, итальян, испан, фриз, португал, неміс, испан және басқа тілдерде тіркелген және транскрипцияланған ғылыми, тарихи-саяси фиксацияның белгілі бірлігі мен жақындығына қарамастан, кеңдігі мен сан алуандығы таң қалдырады» деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, географ-ғалымдардың, картографтардың, саяхатшылардың, көпестердің, дипломаттардың карталарында қазақ мемлекетінің саяси атаулары, кратонимдері әр түрлі, сондықтан олар көбінесе фонетикаға, орфография нормаларына және тілдің орфоэпиясына тәуелді болған. Бірақ олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді: Еуразияның ауқымды аумақтарындағы ауқымды этномемлекеттік, этномәдени, әскери-саяси процестерге қарамастан, Қазақ мемлекетінің атаулары уақыт пен кеңістікте тұрақты.

Кітапты сипаттай келе автор келесіні атап өтті: «Qazaq», «Казак», «Қазақ» Қазақ Мемлекетінің автократонимін, автоэтнонимін және автополитонимін – еуропалық тілдерде біз XV-XIX ғасырларың карталарында «Pays De Kassaks», «Land der Kaisaken»,«Independent Tartary», «Independent Tartars», «Tartarie Independante», «Cassachi», «Cassakia», «Cassaqy», «Cassak», «Cassaky», «Caßakia», «Chalzag Stati del Tartaro», «Cazalgites», «Chalzag», «Chazalgites», «Cosaques Errans», «Kassakia», «Kalzag», «Kasakia», «Kasaсia», «Kassacia», «Kasatsha», «Kasacha»,«Kassaki Tartari», «Kaski Tartari»,«Kasakki», «Kasaki», «Kassaki», «Kasakhi», «Kayissaks», «Kaizaken», «Kazak», «Kaissaken», «Kaisaks», «Khasaks», «Kasatsia», «Kazatschia», «Kazaschia», «Kasake», «Kasakhe», «Kassakia Horda», «Kassacia Horda», «Kirghiz», «Khasaks», «Kaizak» және басқа да экзоэтнонимдер, экзополитонимдер және экзократонимдер түрінде кездестіреміз».

М.Сыдықназаров «көптеген карталарда Қазақ мемлекеті екі рет белгіленген, бұл картографияның еуропалық дәстүріне, қарастырылып отырған кезеңнің топонимиясына, өздеріне белгілі тілдерде қандай да бір мемлекеттің барлық қолда бар кратонимдерін, политонимдерін және этнонимдерін, олардың орфоэпиялық нормаларын (айтылу нормаларын) беруге жауап береді. Өйткені, карталарды еуропалық ғалымдар, географтар, картографтар, баспагерлер, ең алдымен еуропалық оқырмандар, саяхатшылар, әртүрлі ұлттық тілдерде оқитын зерттеушілер үшін шығарды».

Еңбек авторы жиналғандардың назарын «Нидерланд, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия, Австрия және АҚШ-тың озық картографиялық баспаларында Қазақ мемлекеті тарихтың қаралып отырған кезеңінде саяси және өзге де атластарда тұрақты түрде қатысып отырғанына» аударды.

Өз сөзінің соңында М.Сыдықназаров «еуропалық зерттеушілердің, картографтардың, саяхатшылардың, ал кейінірек американдықтардың бірлігі, XVI-XIX ғасырлардағы өз атластарында қазақ мемлекетінің белгіленуі мен жазуында қазақ мемлекетінің кратонимі мемлекеттің атауы 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап, таза автоэтнонимнен ауыса отырып, институционалдық бекітілген әлем картасында танымал болып, ең бастысы – бір мезгілде саяси, топоним және кратоним ретінде танылатын жағдайды бейнелейтінін» атап өтті.

Кітап іс-шараға жиналған қонақтардың қызығушылығын тудырды, олар еңбекпен мұқият танысып, басылымға жоғары баға берді. Ол ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде басылып, Бельгия Корольдік кітапханасының тізілімінде тіркелген. Кітап Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді.

Кітап іс-шараға жиналған қонақтардың қызығушылығын тудырды, олар еңбекпен мұқият танысып, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген басылымға жоғары баға берді.

Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жарық көрген кітап Бельгия Корольдік кітапханасының тізілімінде тіркелген.