
Минск, 2021 жылғы 30 қарашада - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы.Тәуелсіздік Шежіресі» көпсериялы деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Өткен ғасырдың 1991 жылғы драмалық оқиғалары, аса держава КСРО-ның ыдырауы, Совет Одағы кеңестігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазіргі заманғы тарихындағы рөлі туралы баяндайтын аталған фильмнің бірінші сериясы көрсетілді.
Фильм көрсетіліміне Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындары арасында студенттік алмасу бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер, Елшілік дипломаттары мен олардың отбасы мүшелері қатысты.
Фильм 15 бөлімнен тұратын. Фильмнің әрбір сериясы маңызды тарихи оқиғаларға, жас тәуелсіз мемлекет құру жолында кездескен қиындықтарды жеңуге және жаңа тарихтың бетбұрысты сәттерінде Тұңғыш Президентқабылдаған шешімдердің тарихи логикасына арналған.
Аннотацияда ҚР Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев фильмнің басты кейіпкері болып табылатыны туралы атап өтілген. Көпсериялы фильмге оның тарихи сөйлеген сөздері, Қазақстан халқына арналған Жолдауларының үзінділері, Елбасының қатысуымен болған оқиғалардың цифрланған бейне-хроникасының эксклюзивті кадрлары, оның ішінде халықаралық кездесулер мен форумдар енгізілген. Сонымен қатар фильмнің қосымша кейіпкерлері ретінде Елбасыға жаңа мемлекетті және оның нарықтық экономикасын құруға көмектескен оның замандастары мен серіктестері қатысады.
Олардың берген бағалары мен дәлелдері Қазақстанның тәуелсіз жылдарында қол жеткізген жетістіктерінің тарихи маңыздылығын көрсетеді.
Деректі фильмінің ұжымдық көрсетілімі Елшілікте апта сайын өтетін болады.