Анкарада Қазақстан Президентінің халыққа жолдауы талқыланды

Анкарада Қазақстан Президентінің халыққа жолдауы талқыланды

Анкара, 2021 жылдың 7 қыркүйегі – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Анкараның АНКАСАМ зерттеу орталығының ұйымдастырған жиынында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауына қатысты «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы: жүйелі реформаларды жалғасы» тақырыбында баяндама жасады.

Жиынға Мехмет Сейфеттин Эрол бастаған АНКАСАМ ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген АНКАСАМ зерттеу орталығының басшысы проф. док. Мехмет Сейфеттин Эрол, Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан әрі жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Түркі әлемінің болашақта кең географияда маңызды рөл атқаратынына назар аударған Эрол: «Мықты Қазақстан - мықты түркі әлемі. Ол күш түркі әлемінің геосаясатының тірегі. Анкара-Нұр Сұлтан осы геосаясаттың негізгі осін құрайды» деді.

Аталған жиынға қатысты Түркияның ақпараттық құралдарында бірақатар жаңалық жарық көрді.