Сингапурда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме өтті

Сингапурда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме өтті

Сингапур, 2021 жылдың 27 тамызы – Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігі Сингапурдың ресми тұлғаларының, «MDIS» профессор-оқытушылар құрамының, болу елінде аккредиттелген дипломатиялық корпустың, сондай-ақ қазақ диаспорасы мен Сингапур жұртшылығының қатысуымен Сингапур менеджментті дамыту институтының (Management Development Institute of Singapore - MDIS) ғимаратында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фото көрме ұйымдастырды.

Көрмеде Қазақстан, еліміздің ғылыми-техникалық жетістіктері және мемлекетімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің көпқырлы мәдениеті туралы фото-және бейнематериалдар көрсетілді.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Аркен Арыстанов мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері туралы айтып, еліміздегі өзекті саяси және экономикалық реформаларға, Қазақстанның Сингапурмен екіжақты ынтымақтастығының барысына жеке тоқталды.

Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудин қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы ел ретінде Қазақстанның жарқын болашағының кең перспективаларын атап өтті.

Өз кезегінде, «MDIS» президенті Эрик Куан Қазақстанның жетістіктеріне таңданысын білдірді, халықтың сауаттылығының жоғары деңгейін атап өтті және ҚР Үкіметінің елдің ғылыми-технологиялық дамуын қолдау жөніндегі шараларын атап өтті.