Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті

Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті

Москва, 2021 жылдың 10 тамызы - Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Ресей астанасындағы Чистые Пруды бульварында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Көрнекті тұлғамызға құрмет көрсете отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллер және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде «сөйлегенін» атап өтті.

Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, оның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады.

ҚР Үкіметінің қаулысымен өткен жылы 10 тамыз Абай күні белгіленген болатын. Абай ескерткіші Мәскеудегі Чистые пруды бульварында 2006 жылы 4 сәуірде мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен ашылды.