Дохада Қазақстан-Қатар іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

Дохада Қазақстан-Қатар іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

Доха, 2021 жылдың 10 тамызы -  Қазақстанның Елшісі Арман Исағалиев Қазақстан-Қатар іскерлік кеңесінің тең төрағасы болып табылатын Қатар Сауда-өнеркәсіптік палатасының бірінші орынбасары Мұхаммед бин Тауар Әл-Кауаримен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Бұл ретте тараптар Қазақстан мен Қатар іскерлік топтары арасында ауқымды өзара іс-қимылдарының локомотиві ретінде 2017 жылы құрылған Іскерлік кеңестің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Осыған орай ағымдағы жылдың 22-23 тамызында Дохада екіжақты ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын талқылау мақсатында Іскерлік кеңестің отырысын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

1963 жылы құрылған Қатар Сауда-өнеркәсіп палатасы  Шығанақ елдерінің ең көне сауда палаталарының бірі. Оның 75 мыңнан астам мүшесі тіркелген. Бұл құрылымның негізгі жұмысы ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бизнесті дамытуға, сондай-ақ жекеменшік сектордың коммерциялық, өндірістік және басқа мүдделерін қорғауға бағытталған.