Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды талқылады

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды талқылады

Вашингтон, 2021 жылдың 15 шілдесі – Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Гросспен бейне-конференция арқылы кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар халықаралық қауіпсіздік, таратпау режимін нығайту және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын талқылады.

Л. Гросс Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке қосқан үлесін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық алға басатынына сенімілігін білдірді.