Абайды вьетнам тілінде сөйлеткен аудармашыға Қазақстан Президентінің алғыс хатын табыс етті

Абайды вьетнам тілінде сөйлеткен аудармашыға Қазақстан Президентінің алғыс хатын табыс етті

Ханой, 2021 жылдың 16 шілдесі – Қазақстан Елшілігінде екі халық арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі және Абайды вьетнам тіліне тәржімелеген аудармашылар тобының жетекшісі Доан Зан Нгиепке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсім барысында Елші Ерлан Байжанов Қазақстан мәдениетін Вьетнамда кеңінен насихаттағаны үшін шын жүректен алғысын білдіріп, марапатталған азаматқа жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

Өз кезегінде вьетнамдық көркем аударма шебері оның жұмысына жоғары баға бергені үшін шынайы ризашылығын білдірдіріп, Қазақстанның Президентіне жылы лебіздерін және ізгі тілектерін жеткізуді сұрады.

– Күтпеген  құрметке бөлінгеніме өте қуаныштымын. Қазақстан Президентінің осы шешімі мені қазақ халқының бірегей бай мәдениетін Вьетнамда насихаттауды жалғастыруға құлшындырады, – деді Доан Зань Нгиеп.

Абайдың «Қара сөздерін» вьетнам тілінде басып шығару бойынша аударма тобының ұйымдастырушысы және жетекшісі Доан Зан Нгиеп, аударма редакторы және рецензенті, Вьетнам Жазушылар одағында шетел әдебиетін таратуды қолдау қорының директоры Тху Тоан және Вьетнам Жазушылар одағында шетел әдебиетін таратуды қолдау қорының директорының орынбасары Ле Дык Ман жұмыс жасады.