Қытайда Елбасы атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

Қытайда Елбасы атындағы ғылыми-инновациялық зертхана ашылды

Нанкин, 2021 жылдың 6 маусымы – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев атындағы ғылыми-инновациялық зертхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Зертханнаның құрылтайшылары – «G-Global» халықаралық хатшылығы және оның ҚХР-дағы стратегиялық серіктесі «China Silk Road Group» компаниясы. 

Аталған іс-шараға Нанкин қ. «Цзянбэй» жаңа ауданы әкімшілігінің және Пекин қ. «Чжунгуанцунь» ғылыми-технологиялық паркінің өкілдері, Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің дипломаттары, сондай-ақ қытайлық БАҚ тілшілері қатысты. 

Рәсім барысында іс-шараға қатысушыларға «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков өзінің бейне сәлемдемесін жолдады. 

Зертхананың негізгі міндеті ауқымды зерттеулерді, оның ішінде заманауи «блокчейн» технологияларын, жасанды интеллект пен «үлкен деректерді» пайдалана отырып жүзеге асыру арқылы қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және қазақстандық «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды ілгерілету, сондай-ақ ғылыми сүйемелдеуге практикалық жәрдемдесу болып табылады. Бұл жұмысқа екі елдің жетекші ғалымдары мен практиктері белсенді түрде тартылатын болады. 

«G-Global» халықаралық хатшылығы 2019 жылдан бастап «Бір белдеу, бір жол» бастамасы серіктестерінің құрамына кіреді. Оның «Жібек жолы» жаһандық сыйлығы және «Жаһандық Жібек жолы – қала әкімдерінің форумы» сияқты жобаларын «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 2-ші форумының қатысушылары тарапынан қолдау тауып, қорытынды құжатының мәтініне енгізілді.