Абай кітабының румын тіліне аудармашысына Қазақстан Президентінің алғыс хатын табыс етті

Абай кітабының румын тіліне аудармашысына Қазақстан Президентінің алғыс хатын табыс етті

Бухарест, 2021 жылдың 13 мамыры – Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін Абайдың «Қара сөздерінің» румын тіліне аудармашы, Бухарест университетінің Шет тілдері және әдебиеті факультетінің профессоры Антоанета Олтянуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті.

Сонымен қатар, оның кәсіби қызметі Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен де атап өтілді.

А. Олтяну еңбегіне берілген жоғары баға үшін шынайы ризашылығын білдіріп, екіжақты мәдени байланыстардың ілгерілеуіне одан әрі үлес қосуға дайын екенін растады.

Анықтама үшін: 2019 жылдың шілдесінде Абайдың «Немура» баспасы арқылы румын тілінде тұңғыш рет кітап түрінде жарық көрген еңбектері оқырмандардың ықыласына ие болды. 2020 жылдың қыркүйегінде ақынның мерейтойын атап өту аясында Бухаресттің орталық саябақтарының бірінде Абай бюстінің салтанатты ашылуы өтті.