Ханкук шет тілдері университетінің түлегі Қазақстан Президентінің хатын алды

Ханкук шет тілдері университетінің түлегі Қазақстан Президентінің хатын алды

Сеул, 2021 жылдың 11 наурызы – Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Ханкук шет тілдері университетінің Вице-президенті Шин Жоң Хуанмен және университеттің түлегі Чой Ён Сонмен кездесті.

Іс-шара аясында Чой Ён Сонның «Түркістан» газетіне берген сұхбаты жарияланғаннан кейін жолданған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаты табыс етілді. Мемлекет басшысы мақаланы оқып, оны жоғары бағалаған болатын. Өзінің хатында ол Чой Ён Сонға жеке ризашылығын білдіріп, қазақ тілін зерттеп, корей-қазақ сөздігін құрастыруын қолдайтынын жеткізді.

Чой Ён Сон 2019 жылдың ақпанында Ханкук шет тілдері университетін қазақ тілі мамандығы бойынша бітірді. Студенттермен алмасу бағдарламасы шеңберінде 2015-2016 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып, 2017 жылы «Астана Экспо - 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Корея Республикасының павильонында қызмет етті. 

Қазіргі уақытта ол Ханкук шет тілдері университетінің ғылыми қызметкері ретінде жұмыс істеп, қазақ тілін зерттеу мен оны насихаттау бойынша еңбегін жалғастыруда. Ол қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеріп қана қоймай, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін терен біледі

Чой Ён Сон «Түркістан» газетіне берген сұхбатында қазақ тілін үйренгені, корей-қазақ сөздігін құрастырып жатқаны, еліміздегі оқу мен өмір сүрудің тәжірибесі туралы өз әсерімен бөлісті. Сонымен қатар, өзінің Қазақстанға қатысты болашақ жоспарын туралы айтты.