Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халық ақынының өлеңдерін оқыды

Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халық ақынының өлеңдерін оқыды

Киев, 2021 жылдың 25 ақпаны – Қазақтың суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Украинадағы қазақ диаспорасы Қазақстан Елшілігімен бірігіп Жамбыл Жабаев атындағы қоғамдық кітапхана ғимаратында поэзия оқуларын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар ақынның қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлына жауап» және тағы басқаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді, сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды.

Жалпыға мәлім, биыл еліміз Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді. Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.