Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды

Мадрид, 2021 жылғы 18 ақпан – Жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі оқиғасына орай жүзеге асырылды. Маркада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 30 жылдығының логотипі бейнеленген және испан тілінде әрбір қазақстандықтың жүрегіне ыстық жазылған.

Хат алмасудың күнделікті нышаны болып табылатын пошта маркасы испаниялықтарға Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойын еске салады.

Кейінірек марканың арнайы өшіру рәсімін өткізу және оны Испания филателистік ұйымдарына жіберу жоспарлануда.