Үндістанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың «Әлем балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды

Үндістанда ерекше қажеттіліктері бар балалардың «Әлем балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды

Хайдарабад, 2021 жылдың 11 ақпаны – «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі ерекше қажеттіліктері бар балалардың «Әлем балалар көзімен» суреттерінің экспозициясын ұйымдастырды.

2020 жылы «Аялаған алақан» қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде осындай көрмелер өткізген болатын. 2021 жылы аталған қор Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелердің қолдауымен әлемнің түрлі елдерінде көрмелер өткізуді жоспарлап отыр. Осылайша, Үндістан бұл іс-шараны өткізген алғашқы елдердің бірі болды.

Қордың жетекшісі - Рада Хайрушева, жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсеткені үшін ұлттық премиялардың лауреаты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын, сондай-ақ «Тәуелсіздік балалары» бастамасын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Елшілігі жыл бойы осы айтулы оқиғаға арналған түрлі іс-шараларды Делиде және Үндістанның басқа да қалаларында өткізетін болады.

Қазақстандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешім қабылдағанын айта кеткен жөн. «Бұл өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді», - деген ол осы орйда..

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу рәсіміне қатысу үшін Хайдерабад қаласына барған болатын. Іс-шара аясында қазақстандық дипломат өңірдің ресми тұлғаларымен, бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстанның қалыптасуы мен елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуы туралы хабардар етті.