
Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы Бекайдар Сары Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ыстанбұлдағы өкілі, Мехмет Мұстафа Гөксумен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар мәселелері талқыланды.
Тараптар консулдық саладағы өзара іс-қимыл, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әртүрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.