Қазақстан мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы өзара ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы өзара ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Меңілбеков Ислам ынтымақтастығы ұйымының жаңа Бас хатшысы Исмаил Ульд Шейх Ахмедпен кездесті.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен ИЫҰ Бас хатшылығы арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар ИЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру, мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту, сондай-ақ Ұйым аясында Қазақстанның халықаралық бастамаларын ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді.