Қазақстан мен Тәжікстан парламенттік байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Тәжікстан парламенттік байланыстарды нығайтуда

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли Төрағасы Файзали Идизодамен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Елші сұхбаттасын Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформалар, бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу, сондай-ақ жаңа парламенттік құрылымды ескере отырып, парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың негізгі тәсілдері туралы хабардар етті.

Тараптар Қазақстан - Тәжікстан парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қалыптасқан байланыстардың сабақтастығын сақтау, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы тікелей байланыстарды дамыту және халықаралық парламенттік алаңдардағы өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделілікті атап өтті.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан - Тәжікстан парламентаралық диалогын одан әрі нығайтуға және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін растады.