Қазақстан мен Сербия консулдық-құқықтық саладағы ынтымақтастықты жандандыруда

Қазақстан мен Сербия консулдық-құқықтық саладағы ынтымақтастықты жандандыруда

Қазақстанның Сербия Республикасындағы Елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевичпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты консулдық-құқықтық салада дамыту, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Сербия азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, консулдық байланыстарды дамыту, консулдық көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ осы саладағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консулдық мәселелер бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға және екіжақты күн тәртібінің өзекті бағыттары бойынша жұмыс байланыстарын нығайтуға уағдаласты.