ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілділігі ДИАҚБ жаңа директорымен парламенттік сайлаудың қорытындыларын талқылады

ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілділігі ДИАҚБ жаңа директорымен парламенттік сайлаудың қорытындыларын талқылады

Вена, 2021 ж. 14 қаңтар – 2021 жылы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің бірінші отырысы аясында Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, елші Қайрат Омаровтың ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) жаңа директоры Маттео Мачачимен кездесуі болып өтті.

Әңгімелесушісін жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтай отырып, қазақстандық дипломат бюроға әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біздің елге дәстүрлі бағыт үшін, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сайлауын бақылау жөніндегі кезекті миссиясы үшін алғыс білдірді.

Анықтама үшін: Қазақстан мен ДИАҚБ-ны 1995 жылы жіберілген Бюроның біздің елгдегі алғашқы миссиясынан бастап, ынтымақтастықтың ұзақ тарихы байланыстырады. Осы кезеңде Бюро басқа еуропалық мекемелермен бірге Қазақстанға оннан астам түрлі бақылау миссияларын жіберді.

Қ.Омаров сұбаттасушысының назарын 2021 жылы 10 қаңтарда өткен сайлау қарсаңында елімізде жүзеге асырылған маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі екі реформалық пакетті ұсыну туралы жариялаған жоспарларына аударды. Осы тұрғыда ол Қазақстанның сайлау науқанын жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге бар күш-жігерін салғанын, оның тиімді ұйымдастырылуын көптеген бақылаушылар, соның ішінде ЕҚЫҰ-да атап өткендігін жеткізді.

Өз кезегінде М.Мечаччи ЕҚЫҰ-ның «адами өлшемінің» әртүрлі салаларында Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы оң пікір айтты. Біздің ел мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ескере отырып, Бюро директоры қазақстандық тарапқа ең қиын логистикалық қиындықтарға қарамастан, бақылау миссиясының жұмысын ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Жалпы, ол ЕҚЫҰ ДИАҚБ жаңа директоры ретінде Қазақстанмен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.