Қазақcтан мен Латвия ауыл шаруашылығы және сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақcтан мен Латвия ауыл шаруашылығы және сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Ауыл шаруашылығы министрі Улдис Аугулиспен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Латвия сауда-экономикалық, инвестициялық және агроөнеркәсіптік ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Тараптар екіжақты сауда айналымының оң динамикасын атап өтті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Латвия арасындағы өзара сауда көлемі 4,2%-ға өсіп, 85,5 млн АҚШ долларын құрады.

Кездесу барысында агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, сүт және етті мал шаруашылығы, азық-түлік және балық өнімдерін өндіру, азық-түлікті сақтау және тасымалдау, сондай-ақ логистикалық инфрақұрылымды және аграрлық ғылымды дамыту салаларында бірлескен қазақстандық-латвиялық кәсіпорындар құру мүмкіндіктері атап өтілді.

Сонымен қатар инновациялық технологияларды енгізу, логистикалық хабтарды дамыту және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы озық тәжірибемен алмасу мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Латвия әріптестігін одан әрі тереңдетуге, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және аталған бағыттар бойынша бірлескен жобаларды практикалық іске асыруға мүдделіліктерін растады.