Қазақстан мен Молдова екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Молдова екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Премьер-министрі Василе Тофанмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-молдова қатынастарының өзекті мәселелері мен оларды одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Елшісі В. Тофанды Премьер-министр қызметіне тағайындалуымен құттықтап, мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Молдова Премьер-министрі екіжақты байланыстарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдіріп, іс-жүзіндегі ынтымақтастықты арттыру үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті. Осыған байланысты екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыру және бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығы аталып өтті.

Елші Премьер-министрге Қазақстандағы қазіргі саяси өзгерістер, оның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, сондай-ақ Құрылтай сайлауы туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты сақтаудың және екіжақты қатынастарды практикалық тұрғыдан одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.