Қазақстан Елшісі Мароккодағы Тақ күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

Қазақстан Елшісі Мароккодағы Тақ күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Саулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мәртебелі VI Мұхаммедтің таққа отыруының 27 жылдығына арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері дипломатиялық корпусы тобының дуайені ретінде сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Мәртебелі VI Мұхаммедті ұлттық мерекемен құттықтап, оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен құттықтауын жеткізді.

Қазақстан өкілінің салтанатты рәсімге Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері дипломатиялық корпусы тобының дуайені мәртебесінде қатысуы Қазақстан мен Марокко арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ қазақстандық дипломатияның халықаралық аренадағы беделі мен рөлінің мойындалғанын айқын көрсетті.

Салтанатты рәсім Марокконың Мдик қаласында өтіп, оған Марокконың жоғары лауазымды тұлғалары, дипломатиялық корпус өкілдері және құрметті қонақтар қатысты.