Қазақстан мен Пәкістан екіжақты және парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Пәкістан екіжақты және парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының Спикері Сардар Аяз Садықпен кездесті.

Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси жүйені ауқымды жаңғырту үдерісі туралы хабардар етті.

Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 3-4 ақпанда Пәкістанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында қол қойылған құжаттар мен қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесіне жеке тоқталды.

Спикер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қатынастардың оң серпінін атап өтті.

С.Садик Қазақстан Президентінің Пәкістанға жасаған сапарының маңыздылығын ерекше атап өтіп, оны екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды белес деп бағалады.

Парламентаралық дипломатияны дамытудың маңыздылығына тоқталған Спикер Қазақстанға екі тарап үшін де қолайлы мерзімде ресми сапармен келуге ниетті екенін мәлімдеді.