
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан Әл-Мурейхиге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.
Сұлтан Әл-Мурейхи Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында тараптар Астана мен Доха арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыру барысын талқылады. Саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.