Қазанда денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазанда денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Мемлекеттік кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Марат Ахметовпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстан ғылыми-зерттеу кешенінің ұйымдары арасындағы медициналық кадрларды даярлау және академиялық әріптестік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасылды. Атап айтқанда, тараптар Қарағандыда тәжірибе жүргізіп жатқан ординаторлар мен дәрігерлер үшін «қос диплом бағдарламасын» бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Федералдық деңгейде Қазанда шетелдік дәрігерлерді қайта даярлау орталығын құру туралы шешім қабылданды. 

Сонымен қатар, Қазақстанның медициналық ғылыми білім беру мекемелерінің басшыларынан құралған делегация Татарстанның денсаулық сақтауды ұйымдастыру және сала үшін кадрлар даярлау саласындағы тәжірибесімен танысты.

Кездесу соңында ынтымақтастықты дамытуға, делегацияны зерттеу және тәжірибе алмасу бойынша жіберуге, ғалымдардың халықаралық іс-шараларға қатысуына жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.